2023 жылдың қараша айында Сарыағаш ауданы мұғалімдері арасында байқау ұйымдастырылды.
Біршама мектептердің мұғалімдері қатысты.
«Үздік интербелсенді сабақ -2023» аудандық байқауында үздік сабақ жоспары мен кәсіби шеберлігін танытқан ағылшын тілі пәні мұғалімі Мәлікова Гүлзира Сарыағаш аудандық білім бөлімінің III-дәрежелі «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

“Мәңгілік ел» идеясымен қаруланған еліміздің тұлғалы азаматтарын тәрбиелеп,Отанымызды сүюге,оның бай мәдениеті мен салт дәстүрлерін құрметтеп,игере білуге құлшындырып,білім алушылардың шығармашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Педагогткалық шеберлік «жұрналының бас редакторы атынан Мәлікова Гүлзира Еркінқызына Алғыс хат берілді.

Пән мұғалімдері арасында «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін» тақырыбындағы облыстық эссе жазу байқауының аудандық кезеңінде шығармашылық қабілет танытып,жүлделі II орын алғаны үшін № 18 Абай атындағы жббм ағылшын тілі мұғалімі Мәлікова Гүлзира Құрмет Грамотасымен марапатталды.
