Сарыағаш аудандық білім бөлімінің жылдық іс жоспарына сәйкес, наурыз айының 28 күні Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан N18 «Абай» мектебінің базасында әдістемелік күн өткізілді. Шараны ұйымдастырған Сарыағаш АББ Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Камалдин және әдіскер Салима Рсымбетова болды. «Желілік қоғамдастық: ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында өткен тәжірибе алмасу семинарына мектептер желісіндегі N18 «Абай», N53 «М.Ғабдуллин», N24 «Ж.Сүлейменов» атындағы жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты.
Аталмыш шара аймақ мектептерінің атқарылған жұмыстарына талдау, тәжірибе алмасу, өзекті мәсеелелердің шешу жолдарын бірлесе талқылау, оқыту мен оқуды жақсарту қадамдарын талдау, теориялық мәселеледі, оқытудың инновациялық қадамдарын қолдану мазмұны аясында өрбіді.Қоғамдастық аясындағы мектептердің оқу жылы барысында атқарылған жұмыстарынан портфолио, көрме жұмыстары ұйымдастырылды.
Әдістемелік күн аясында N18 «Абай» мектебінің директоры Абдыхалық Қыстаубаев кәсіби қоғамдастық шараларының маңыздылығына, педагогтардың үздіксіз ізденіс жұмыстарының жемісті жол екендігіне қатысты тұжырымдарымен бөлісті. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Мамадалиева желілік мектептер қоғамдастығы аясында атқарылған жұмыстар бойынша таныстырылым жасады.
Семинарда желілік мектептер бойынша модератор А.Смаилова Мұғалімдердің кәсіби құзыреттерін тұрақты және жүйелі түрде дамыту мәселелері «тақырыбында мазмұнды коучинг-сессия өткізді. Коучингтің мақсаты- мұғалімдердің өзара тәжірибе бөлісу алаңын құру, жаңалықтармен танысу, тәжірибені жетілдіру жолдарын бірлесе шешу . Осы мақсатқа жету үшін қоғамдастықтағы әріптестер тапсырмалар бойынша жұмыстанды. Мектептегі инновациялық жобалардың жүзеге асу тәжірибесінен тартып, сабақты зерттеу шаралары, білім беру жүйесіндегі әлемдік тәжірибенің отандық моделі, сабақты тиімді жоспарлау, авторлық бағдарлама жазу әдістемесі, мұғалімдер аттестациясына қатысты мәселелер талқыланды. Шараны қорытындылау барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Салима Рсымбетова қатысушылардың жұмыстарына оң баға беріп, үздіксіз кәсіби ізденістердің табысқа жеткізер баспалдақ екендігін жеткізді. Шараға қатысушы әріптестердің кері байланыс пікірлері тыңдалып,ұсыныстары хаттамаға тіркелді. Қатысушылар тарапынан шараны ұйымдастыру алқасына, N18 «Абай» мектебінің ұжымына алғыстарын білдірді.


