Смаилова Ақжарқын Әбиқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,педагог-шебер.Педагогикалық еңбек өтілі-22 жыл. Филология ғылымының магистрі. Көптеген ғылыми мақалалар мен бірнеше авторлық бағдарламалардың, әдістемелік құралдардың авторы. Ақжарқын Әбиқызы еңбек жолында кафедра меңгерушісі, әдістемелік бірлестік жетекшісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп модераторы лауазымдық және қоғамдық міндеттерді атқарған. Білім берген шәкірттері жыл сайынғы білім, өнер, ғылыми -зерттеу жобалары конкурстары мен шығармашылық байқаулардың Еңбектері мен ағарту саласындағы, қоғамдық саяси бағыттағы еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің «Алтынсарин» төсбелгісін, Түркістан облыстық Білім Басқармасының көптеген марапаттарын, Сарыағаш ауданы Әкімінің және аудандық білім бөлімі басшысының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Шығармашыл педагог өзінің еңбек жолында жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беріп келеді.Сахна өнеріне, ғылым,білімге бейім шәкірттері мектептің,аудандық,облыстық іс шаралардың белсенді қатысушылары. Педагогтың шәкірттері бүгінде республиканың әр өңірінде ағарту саласында елеулі тұлға ретінде танылған азаматтар.

