

Мектеп Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Зортөбе ауылында орналасқан.Мектеп тарихы шамамен, сонау 1937 жылы ауылдық жерлерде халыққа білім беру ісі жүргізіле бастаған уақыттан басталады.
Мектеп оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға, білімін қалыптастыруға көмектесетін біліктілігі мен дағдысын дамытуға, адами құндылығы жоғары, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзінше дамуға ұмтылатын, шығармашыл, физикалық және рухани дамыған азамат тәрбиелеуге бағытталған.
Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. 36 оқу кабинеттері бар, олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық сұранысқа сай. Оқушылардың пән бойынша терең және жан-жақты алу білім алу үшін 150 ш.м. ауданды кітапхана, 20 оқушыға арналған оқу залы бар, 2 еңбек кабинеті, алғашқы әскери дайындық,2 информатика кабинеті бар







Қыстаубаев Абдыхалық еңбек жолын 1.09.1998 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №55 О. Жәутіков жалпы орта мектебіне биология пәні мұғалімі болып қабылданудан бастаған. 2000 -2003жж аралығында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №5 С. Ысмайылов жалпы орта мектебіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін, 2003 -2012жж аралығында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №50 Каз ССР атындағы жалпы орта мектебіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2012 – 2016жж аралығында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебіне директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін, 2016- 2023жж аралығында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №55 О. Жәутіков атындағы жалпы орта мектебі директоры қызметін атқарған. 2023 жылдың 14 қарашадан бастап Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №18 Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры.
Біліктілік санаты: «Педагог-зерттеуші». Педагог бірнеше рет кәсіби біліктілік байқауларына қатысты және оқушылары да республика, облыс деңгейлеріндегі олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары болды.
Басшылық бойынша санаты : «Басшы-көшбасшы»
ҚР Оқу-ағарту министрі А. Аймағанбетовтің ІІІ дәрежелі дипломы. Түркістан облысы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.

Мектепке білім беру қажеттіліктері мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыс беру бастамасы.

«Abai.institute» - Қазақстанда және шетелде қазақ тілін оқыту және насихаттау бағдарламасы «Абай, 2020 жылдың 18 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында әзірленген....