№18 Абай атындағы ЖББМ 2024-2025 оқу жылында спорт саласында толағай табыстарға жетті. Солардың бірі — футбол клубы. Аймақтық іріктеу кезеңінде мектеп оқушылары 7мектеп командаларынан айқын басымдықпен 6:2 ұпаймен ұтып, аудандық турға іріктеу кезеңіне жолдама алды. Аймақтық кезеңде 5ауыл әкімшілігі мектептері жасөспірімдер арасындағы лига тартысты болды.Бапкер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Махаматұлы Саитов және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жаттығу шараларын ширатты.Нәтижесінде Абай мектебі командасы 5:0 айқын басымдылықпен аудандық кезеңге жолданды. Аудандағы тартысты додада Абай мектебі командасы мен Дарбаза ауыл әкімшілігі командасымен, Сарыағаш-Келес командалары арасында жеңіп шықты облыстық кезеңге жолдама жеңіп алды.

Облыстық тартысты былғары доп додасында финалға шыққан мектеп командасы Сарыағаш -Түркістан 5:0 есебімен жеңіске жетті. Республикалық кезеңге жолдама алды.

Астана қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы футбол жарысына 16 облыс, 3 қала, жалпы 19команда қатысты.Үздік ойын көрсеткен мектеп ойыншылары респуликалық кезеңнен ұпай саны бойынша 5-орынды қанжығасына байлап, облыс,аудан, ауыл, мектеп мерейін үстем етті.Команда құрамында мектебіміздің «үздік қақпашы» — Наби Нұрсат, «Үздік шабуылшы»- Айтқожа Жамал, «Үздік қорғаушы»- Сейдәзім Орынбасар номинацияларымен марапатталды. Жасөспірімдер арасындағы футбол жарысында жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шыққан жас өрендеріміздің жеңісі- кейінгі буынға үлгі, ұстаздар мен ата-аналар қауымына мақтаныш болды. Мектеп оқушыларының жеңс жолына еңбек сіңірген дене шынықтыру пән мұғалімдерінің еңбегі елеулі, ұжымға өнеге болды.