Құралбек Рахымбек Нұрболұлы 2023 жылдың желтоқсан айынан  бастап  Түркістан облысы Білім басқармасына қарасты Сарыағаш ауданы білім бөлімінің  №18 Абай  атындағы жалпы  білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі болып қызмет етіп келген. Педагогтің оқушылары  республика, облыс,аудан  деңгейлеріндегі олимпиадаларға, байқауларға қатысып , жүлделі орындар иеленді 2024 жылы аудандық 8-11 сынып арасында  өткізілген«Ақберен» байқауында   9ә-сынып оқушысы   Манап Расул 1-орын және  11-сынып оқушысы  Абибулла Салтанат 1-орын иеленіп,облысқа жолдама алды,облыстық кезеңде Абибулла Салтанат жүлделі 2-орынмен марапатталды. 2024 жылы Абибулла Салтанат «Жыр алыбы –Жамбыл»республикалық ақындар айтысының аудандық кезеңінде «Бас жүлде»алып,облысқа жолдама алды. Облыстық кезеңнен 1-орынмен марапатталып,21-қазанда «Жыр алыбы–Жамбыл»республикалық ақындар айтысына  қатысып, Есенқұл атамыздың сыйлығына ие болды.