Білім беру ұйымының  ғимаратына кіруді бақылау ұйымдастыру туралы ақпарат

-Бейнебақылау камералары  мекеп аулаларына  екі ғимараттың кіреберістеріне мектептің сыртқы аулаларына және дәліздерге орнатылған.

-Екі ғимараттың кірер есіктеріне (4) төрт өту турникеттері  орнатылған жүйеге  мектептің  толық қызметкерлері мен білім алушылары  тіркелген. Күнделікті ғимаратқа кіру турникпен автоматтандырылған. Тек тіркелген азаматтар үшін  кіруге мүмкіндік берілген.

-Келуші ата — аналар мен басқа келушілер үшін тіркеу журналы бекітіліп, берілген тіркеуге жүйелі алынып,келу мақсаты туралы бөлімнің  рұқсат хаты  арқылы  жүзеге асырылады.Дәлелдеме үшін бейнебақылау  жүйелері,турникетттер және тіркеу журналдарының  фотосуреті қоса жүктелді.

 

Ыңғайлы жағдайлармен қауіпсіз ортаны  құру  туралы ақпарат

Мектепте жалпы  2 (екі) оқу ғимараты бар.Осы ғимараттарға балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауда сақтау мақсатында  жалпы саны -16  бейнебақылау орнатылған және олар ішкі істер бөлімдерімен паралель байланысқан.

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге  қарсы  қорғалуының үлгілік паспорты жасалынып  аудандық полиция  бөлімімен келісілген.

Мектептің  Терроризмге  қарсы қауіпсіздікті  ұйымдастыру бойынша арнайы бұйрық№91/4 29.08.2024жылы шығарылып, жауапты қызметкер бекітілген.Сондай ақ объектілерге терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу мақсатында  Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігінің  2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығының  қосымшасына сәйкес іс шара  жоспары жасалынып бекітілген.Дәлелдеме ретінде паспорттың ,бұйрықтың және  іс шара жоспардың фотосуреттері қоса тіркелді.