Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №18 Абай атындағы жалы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп Түркістан облысы,Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Зортөбе ауылында орналасқан.Мектеп тарихы шамамен, сонау 1937 жылы ауылдық жерлерде халыққа білім беру ісі жүргізіле бастаған уақыттан басталады.Сайт бай деген ауқатты кісі өз үйін мектеп ғимараты ретінде берген екен.Тұңғыш мұғалім Қызылордадан келген Әби атты мұғалім болған.Ұлы Отан соғысы басталған соң мектеп жұмысы біршама тоқтап, бүкіл күш жауды жеңу, майданға азық-түлік жіберу сынды тіршілікке ұласты.1944 жылдан бастап Фатима Ибрагимова атты мұғалиманың ұйымдастыруымен қайта құрылады.1948 жылдан Әбдудайымов Тұрап ұстаздың басшылығымен мектептің тарихы жалғанады.Ол кісіден кейінгі жылдары 1952 жылдан бастап мектепті Ибрагимов Әкім ағай, 1965-1968 жылға дейін Маменов Тұрсын ағай басқарды. 1968 жылдан 2001 жылға дейін Рысбаев Ақыл ұстаз табанды түрде басшылық жасаған. 2001 жылдан 2007 жылға дейін Абдухайымов Тайыр ұстаз басшылық жұмыстарды атқарды. №18 Абай мектебі 2011 жылдың 12 желтоқсанында жаңа ғимаратқа ауысып, ашылды. 2008-2016 жылдар арасында Расулова Ұлша ұстаз басшылық жасап, мектепті облыс көлемінде танытқан.
Осы жылдарда мектептің оқу-тәрбие саласындағы жетістіктері көп болды. 2016-2023 жылдан кейін Егізбай Асқар басшылық етіп, мектептің оқу-ғылыми жетістіктері артты, түлектерден мемлекеттік грант иегерлері көптеп шықты. 2023 жылдан мектепті Қыстаубаев Абдыхалық ұстаз басқарып келеді. Мектептің оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік, спорттық, қоғамдық ұйымдастырушылық тұрғыдан облыстық,республикалық жетістіктері артты. Шығармашылық байқаулар мен спорт саласындағы оқушылардың, мұғалімдердің республикалық жетістіктері-мектеп жұмысының нәтижелі жемісі саналады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мектептің тынысы үнемі жарияланып, жұртшылыққа таныстырылып отырады. Мектеп миссиясы саналы, білімді, заман талаптарын толық меңгерген салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Мектеп оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға, білімін қалыптастыруға көмектесетін біліктілігі мен дағдысын дамытуға, адами құндылығы жоғары, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзінше дамуға ұмтылатын, шығармашыл, физикалық және рухани дамыған азамат тәрбиелеуге бағытталған.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік, адами, ұлттық (абырой, сыйластық, тәртіп, құрмет) құндылықтарын арттыру, өз ісіне деген жауапкершілікке, өмірге мағыналы көзқараспен қарауға, басқалардың пікірін тыңдауға, ескеруге, өз пікірін басқалардың пікірін өз пікірімен салыстыруға үйрету.
Мектептің материалдық базасы
Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. 36 оқу кабинеттері бар, олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық сұранысқа сай. Оқушылардың пән бойынша терең және жан-жақты алу білім алу үшін 150 ш.м. ауданды кітапхана, 20 оқушыға арналған оқу залы бар, 2 еңбек кабинеті, алғашқы әскери дайындық,2 информатика кабинеті бар онда 10 компьютер оның 10 компьютер интернет желісіне қосылған және спорт зал-312 ш.м. Асхана-3.5 ш.м. 261 балаға арналған. Мектептің бірінші қабатында 4 бөлмеден тұратын мед. кабинет орналасқан мемлекеттік лицензиясы 24.05.2023жылы нөмір №23011745.
МЕКТЕП ЖЕТІСТІКТЕРІ
«Зерде» ғылыми жоба байқауының аудандық кезеңінде бастауыш сынып әдіс бірлестігінен Фархад Жанайым, Сайдулла Айзере, Абдулла Жансая 2-3-орын иегерлері болды. «Сөз маржан» байқауынан Жиен Айзере, Сайфуддин, Раяна Тешебай, Сабина Әбдіқасым Нурислам, Сайфуддин Алихан сынды оқушыларымыз 2-3 орын иегерлері болған.
«Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде Палхожа Айдана, Қалхожа Алихан, Қайым Айару, Серікбай Алинур 1-2-3-орындарды иеленген.
«Абай оқулары» шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде А.Бақыт, К.Әбутәліп 2-орын иеленді.
Пәндік олимпиалардың аудандық кезеңінде бастауыш сынып оқушылары Фархат Жанайым,Қалқожа Ұлдана,Ибрайм Зарина,Сайділла Жібек ,Сайфуддин Раяна,Нұралы Ханшайым 2-3 орындардың иегері ретінде марапатталды.
Қазақ тілі және әдебиеті пән бірлестігі бойынша аудандық эссе байқауынан С.Абибулла,Н.Қалқожа, Р.Манап,С.Қайым,Сейіткәрім Р 1-2-3 орындар иеленді. Осы байқаудың облыстық кезеңінде Салтанат Абибулла 2-орын иеленген.
«Жыр алыбы-Жамбыл» атты «Жамбыл оқулары» байқауында жас ақындар айтысында аудандық және облыстық кезеңінде «Бас жүлде» иеленді. Байқаудың республикалық кезеңінде арнайы жүлдемен марпатталды.
«Ақберен» шығармашылық өнер байқауының аудандық кезеңінде С.Файзулла, С.Қайым,А.Тешебай,Р.Манап, Р.Сейіткәрім 1-2-3 орындарды иеленді. Манап Расул әншілік өнер бағытында облыстық кезеңіне қатысып, алғыс хат иеленді.
«Мұқағали оқулары» байқауының аудандық кезеңінде Вахапова Арайлым 2-орны иеленді.
«Мәшһүр Жүсіп» оқуларының аудандық кезеңінде Ә.Тешебай,Р.Сейіткәрім,А.Қалқожа 1-2-орындарды иеленді.
«Жансүгіров» оқуларының аудандық кезеңінде А.Вахапова,А.Құдайберген 2-3орын иеленген. Осы байқаудың аудандық кезеңінде Бас жүлде иеленген А.Құдайберген осы байқаудың облыстық кезеңінен жүлделі 3-орын иеленді.
«Мағжан оқулары» байқауында С.Файзулла,Р.Сейіткәрім 1-3 орындарды иеленді.
«Абай оқулары» байқауында Зайыр Әсем,Қалқожаева Айгүл, Манап Расул,Қалқожа Нұргүл, Балтабай Аружан 2-орын, «Бас жүлдемен» марапатталған. Байқаудың облыстық кезеңіне өткен оқушылардың ішінде 9-сынып оқушысы Қалқожа Нұргүл 2-орын иеленді.
Математика пәнінен олимпиаданың аудандық кезеңінде Абдужалил Д.,Тешебай Ұ., Қуандық Ә.,Сайт М.,Давыдов А.,Қуандық С.Құралбек Ә.,Пазылова Г.,Патқұлла Б.,Пазылова Г.1-3 орындарды иеленді.
Химия және биология пәнінен аудандық олимпиаданың кезеңінде Ильяс С.,Қалқожа Н..,
Манап К.,Қуандықова С.,Абдімүтәліп К.,Тулеходжаева Ж.. 2-3орындарды иеленді.
Ағылшын тілі пәнінен аудандық олимпиадада Ұ.Тешебай, А.Әбдіғани 2-3орын иеленді.
Физика және информатика пәні олимпиадасында Аталова М.,Тешебай А.,Қуатбек Н.,Ибрайм Н. Сынды оқушылар 1-2-3 орындарды иеленді.
Тарих және география пән олимпиадасында тарих пәнінен Пазылова Гүлбану ауданды кезеңнен 1-орын, облыстық кезеңінен 3-орын иеленді.